2019 – 2020 оқу жылы қазан айының 23 – і күні «Алтын күз» мерекесіне орай 4 сыныптар арасында өткен «Күз ханзадасы мен күз ханшайымы» мектепішілік мерекелік кеші болып өтті. Іс – шараның мақсаты: оқушылардың бойында шығармашылық қабілеттерін арттыру, достық қарым – қатынастарын дамыту, өнерлерін шыңдау. Іс – шараға 4 сынып оқушылары қатысты.
Конкурс 4 кезеңнен:
Сайысқа төмендегі оқушылар қатысты:
Қазылар алқасының құрамында:
1.Мектептің әлеуметтік педагогы Оспанова Лаззат Толеуовна
3.Мектеп президенті 10 «Б» сынып оқушысы Тетерина Дарья
Сайыс өте тартысты, қызықты өтті. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Сайыстың қорытындысы бойынша ГРАН – ПРИ «Күз ханшайымы» және «Күз ханзадасы» номинациясын 4 «В» сынып оқушылары Сабирбеков Айдос, Жиенбаева Хадиша жеңіп алды. І орын 4 «Ә» сыныбының оқушылары Қабылмажит Мадияр, Айтқазы Айзере, ІІ орын 4 «Д» сыныбының оқушылары Корбаницкая Карина, Кошкинбаев Илья, ІІІ орын 4 «В» сынып оқушылары Хуснутдинов Дамир, Кайркенова Дария. «Өнерлі жұп», «Сәнді жұп» номинациясы бойынша 4 «Б» және 4 «Г» сынып оқушылары Шаймерденов Руслан, Байгузина Анастасия, Баталов Мусавир, Малинская Виктория жұптары марапатталды. Сайысқа қатысқан оқушыларға мерекелік сыйлықтар табыс етілді және грамота, мақтау қағаздарымен марапатталды.



Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны