

Постер.Шығармашылық тапсырма.
Әр топқа екі себет және көкөніс пен жемістердің суреттері беріледі, сол себеттерге көкөніс пен жеміске толтырасыңдар.
Себеттен ұнаған бір жеміс/көкөністі алып,суретін салып, негізгі ақпаратты анықтайды.
1-топ.Көкөніс
2-топ.Жеміс
Дескриптор Білім алушы
*жеміс/көкөністі суреттерін ажыратады;
*жемістің суретін салып, ішіне қандай екенін, сыртына пайдасын жазады.
*көкөністің суретін салып, ішіне қандай екенін, сыртына пайдасын жазады.

Диалог үлгісі:
Дескриптор Білім алушы
*сұрақтарға жауап береді;
*көкөністердің денсаулыққа пайдасы диалог құрастырады
*жемістердің денсаулыққа пайдасы диалог құрастырады



Сабақ «Амандасу түрлері» тренингі арқылы балалар бір-бірімен әр түрлі амадасудан басталды. Мұғалім оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін дәрумендер туралы бейнебаянды көрсетіп, талдау жасатты. Сынып «Көкөністер, «Жемістер», деп екі топқа бөлінді. Бейнефильм көрсетіліп, оқушылардан бейнефильмнің не туралы болғандығы сұралды. Топтық жұмыс жасалып, әр топқа «Бір шеңбер» тапсырмалары берілді. Оқушылар бұл тапсырманы ыждағаттылықпен жасап талдау жасай білді. Сондай-ақ грамматикалық тапсырмаларда кеңінен орындалды.
Сергіту сәті арқылы оқушылар бойларын жазды. Дәрумендер тақырыбына диалог құрылды. Оқушылардың сөздік қорлары толықтырылды. «Көнөністер» тобы сәбіздің пайдасы туралы постер құрды. «Жемістер» тобы алманың пайдасы туралы кеңінен айтып берді. Кері байланыс кезінде оқушылар «Алма ағашы» жапырағына дәрумендердің адам ағзасына пайдасы туралы кеңес/пайдалы сөздер жазды.
Сабақ барысында белсенділік көрсетіп отырған оқушылар бес жұлдызбен бағаланып отырды. Әр кезең сайын қалыптастырушы бағалау жүргізіліп отырды. Сабақ мақсатына жетті.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны