Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздік» күні және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жоспарға сәйкес желтоқсанның 7-сі күні №72 мектеп-лицейінде ,тәуелсіз ел тарихында есімі мәңгілік қалатын тұлғалардың бірі, архитектор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы – Жандарбек Мәлібекұлымен кездесу өтті. Оған 10 сынып оқушыларынан 82 оқушы қатысты. Оқушыларымыз осы кездесуде көп мағлұмат алып, қайраткердің өмірбаяны мен елтаңбаның шығу тарихымен танысты. Жандарбек Мәлібекұлын мектеп-лицейдің «Жас ұландары» ыстық ықыласпен қарсы алып, әртүрлі сұрақтарын қойды. Тарих пәні мұғалімі Устембеков Аяған Сапарович тарихқа қатысты оқушылардың ой-пікірлерін толықтырып, жас буынға өз ақылымен бөлісті. Кештің соңында мектеп-лицей директоры Гүлсім Асылқызы Жүсіпова осындай ел азаматының уақыт тауып, біздің оқушыларымызбен ой бөлісіп, біліміне білім, ақылына ақыл қосып отырғанына алғысын білдірді. Кездесу соңында мектеп оқушыларына «Қазақстан Елтаңбасы» атты кітабын сыйға тартып, ізгі-тілегін жазып қалдырды. Бұл кездесу біздің мектебіміз үшін үлкен құрмет болып саналады.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"