15 ақпанда №68 мектеп –гимназиясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1-4 сыныптар бойынша «Менің елім-Қазақстан!» атты патриоттық әндер сайысы болып өтті. Бастауыш сынып оқушылары Отан, Астана, туған жер, атамекен туралы әндерді асқақтата шырқады. «Тұмар » би тобы қазақтың ұлттық биімен байқаудың көркін ашты. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені 4 «В» сынып оқушысы Шалқар Мұхит ,1-орынды 1 «Е» сынып оқушысы Қасымханов Ерназ , 2- орынды Мұхаммеджанова Ақнұр, ІІІ-орынды Маратова Аяулым иеленді. Қалған қатысушылар алғыс хатпен марапатталды. Бұл байқау бастауыш сынып оқушыларына үлкен рухани азық болды.
Ұйымдастырушылар: Құлманова Л.Ж: Жақсыбаева М.Ж.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны