Астана қаласы №67 гимназияда 26.01. күні(сенбі) «Критериалды бағалау – табысқа жету баспалдағы» тақырыбында 1,4,9 сынып ата-аналарына арналған семинар өтетінін хабарлаймыз! Осы күні ата-аналар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша нақты ақпарат пен көкейдегі сұрақтарына жауап ала алады.
Сағат 9.00-10.00 – ата-аналарды тіркеу, «Шеңбер» ашық диалог алаңында эксперт-мұғалімдермен жеке кеңес;
Сағат 10.00-11.00
І бөлім. Директордың орынбасарлары (модераторлар) ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен 2018-2019 оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұны аясында білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалау тәртібі туралы ережесімен таныстырады:
-Қалыптастырушы бағалау өткізу тәртібі;
-Жиынтық бағалауды өткізу тәртібі;
-Балды бағаға ауыстыру шкаласы.
ІІ бөлім. Модераторлар мен сынып жетекшілері ата-аналар қауымымен тәжірибелік жұмыстар жүргізіледі. Семинар барысында келесі оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына енетін 4,9 сынып оқушыларының ата-аналарына өзгерістер туралы ақпарат беріледі.