Мектебіміздің мақтаныштары мектеп мәртебесін көтеруде. Астана қаласы Білім басқармасы мен Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен 25-ші қаңтар күні работотехникадан өткен «Battle of robots-2019» жарысында мектебіміздің командасы командалық есепте бас жүлдеге ие болды. Жарысқа қатысқан оқушылар Шортанбай Олжас, Сүлеймен Қуаныш жетекші трейнер информатика және работотехника пән мұғалімі Беймендина Гаухар Жолжақсықызы; Есболай Нұрбек, Бексұлтанов Әлішер жетекші трейнер информатика және работотехника пән мұғалімі Мәулітбекқызы Аяулым. Шортанбай Олжас, Сүлеймен Қуаныш «сумо күресі» бағыты бойынша бас жүлдені иеленсе, ал Есболай Нұрбек пен Бексұлтанов Әлішер «гонки по линии» бағыты бойынша бас жүлдені иеленді.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны