№4 мектеп-гимназиясында «Самғау» заманауи мектеп кластерінің аясында «Қолөнер мектебі» - кәсіптік білім беруді қалыптастырудың инновациялық негізі» атты қалалық семинары өткізілді.
Астана қаласы Ж. Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында 2019 жылдың 18 қаңтарында «Самғау» заманауи мектеп кластерінің аясында «Серпін» қоғамдастығының ««Қолөнер мектебі» - кәсіптік білім беруді қалыптастырудың инновациялық негізі» атты қалалық семинары өткізілді.
Семинар төрт бағыт бойынша жүргізілді. «Қолөнер мектебі – кәсіптік білім беруді қалыптастырудың инновациясы» бөлімінде әлемдік мәдени құндылықтармен үндес жаңа заманғы қазақтың озық мәдениетінің жаңа қырлары көрсетілді. Іс-шараның басты мақсаты заманауи мектеп жұмысы арқылы ұлттық құндылықтарды жүзеге асыру болатын. Семинарға қала мектептерінің мұғалімдері жиналды. Бұл іс-шарағы мектебіміздің барлық оқушылары қатысқан болатын. Семинарда әр оқушы өз өнерлерін басқа білім беретін мектептерге қөрсете білді. Осы оқушыларға алдағы уаққытта сәттілік тілейміз!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии