Меню KDT

Новости

Главная Новости

№58 мектеп-гимназия педагог-психологтарының 8-ші сынып оқушыларымен «Отбасы – аялы алақан мекені» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

2019 жылдың 18-ші қантар күні 8-ші сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді.
«Отбасы – аялы алақан мекені» атты дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасы туралы көзқарастарын кеңейту, ұстаз -оқушы-ата-ана өзара қарым-қатынастарын жақсарту, отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық сезімдерді нығайту.
Дөңгелек үстелде мынадай  тақырыптар қарастырылды: оқушылардың отбасы құндылықтары туралы түсініктері, отбасындағы қарым-қатынас, сыйластық, отбасындағы ата-ана мен балалардың рөлі. Осы дөңгелек үстел барысында оқушылар жалпы «Отбасы құндылықтары жайында өз ойларымен бөлісіп, қызу пікірталас болды.
Іс-шара барысында «Менің есімім» жаттығуы, «Ой қозғау», яғни оқушыларға ой тастау: отбасы, отбасы бақыты, ата-ана, бала ұғымдарына өз түсініктерін жеткізіп, «Бүгінгі менің ойым» бөлімінде отбасымның бақыты үшін мен не істей аламын деген сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті. Ата-аналарға да тура осы сұрақтар қойылған болатын. Жауаптары видеобаяннан көрсетілді. Сонымен қатар «Бес саусақ» жаттығуын орындап, әр оқушы түрлі-түсті А4 қағазына өздерінің алақандарының суретін түсіріп, отбасындағы аялы алақан үшін қажетті қасиеттерді жазып шықты. Жазып болған соң қиып алып, магниттік тақтаға жапсырып,сонан соң талқылау жүргізілді. Дөңгелек үстелдін соңында түрлі-түсті шарларға бүгінгі іс-шарадан алған әсерлері мен көңіл-күйлерін білдіретін сәйкес түрдегі смайликтердің суретін салу ұсынылып «Тілек шар» ойынымен аяқталды.








Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны