2019 жылдын 12 қантарында №68 мектеп – гимназиясында кластер жұмысы бойынша «Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау» тақырыбында семинары өтті. Іс-шараға барлық мектеп мұғалімдері қатысты.
Мақсаты: Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау бойынша әдістемелік көмек көрсету.
Метептің кластер жұмысы аясында құрылған 5 фокус топтарының жетекшілері ( Койшыманова Б.А., Бексеитова А.Т., Ташмаганбетова Б.Ж., Халиульдина С.К., Есіл Ж.Ө.) мектеп мұғалімдеріне теория мен практиканы байластырып іс-жүзінде өте жақсы жұмыс жүргізді. Мұғалімдер көптеген жаңа әдіс-тәсілдермен танысып, түрлі тапсырмалар орындауда өздерінің біліктілігін көрсетті. Оқу мақсаты мен бағалау критерийларына сайкес дескрипторлар құра алды, қалыптастырушы бағалаудың, кері байланыстың тиімді әдістерін сабақ үдерісінде қолдануды көрсетті. Оқушының жұмысына модерация жүргізді, хаттаманы іс-жүзінде ақылдаса отырып толтырды. Рубрика арқылы ата-анамен ынтымақтастық орнататып, оқушыларды білім қабілетін жетілдіруге болатынына көз жеткізді.
Семинар соңында мектеп директорының ғылыми-әдістемелік орынбасары Сарсембекова Л.Ж. өткізілген жұмысының жоғары деңгейде, сапалы ұйымдастырылғаның атап өтті, топтардың жұмысына өз бағасын берді.
Іс-шараны ұйымдастырған «Жарқын болашақ» қауымдастығының үйлестірушісі Дуйсенбаева Д.К. өткізілген семинар өз мақсатына жеткенің айтып, ат салысқан мұғалімдерге алғысын білдірді. Және де әріптестерді алда жоспарланып отырған жұмысымен таныстырып, белсене қатысуына шақырды.
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны