Меню KDT

Новости

Главная Новости

Астанада  «ЖҚО-ТОҚТАТ»

       Жасөспірімдердің жол-қауіпсіздік ережелерін сақтау және жол ережесі   бойынша алған білімдерін пысықтау мақсатында, бүгін, 2019 жылдың  11 қаңтар күні  Астана қаласы Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектепте «Астанада «ЖҚО-ТОҚТАТ» акциясы аясында 6«А»-сыныбында  «Жолда абайла!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

            Дөңгелек үстелге мектеп директоры Айтмұхаметова Балжан Қайыртайқызы, Астана қаласының Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы әкімшілік тәжірибе бөлімінің бастығының орынбасары полиция майоры Тоқжұманов Бауыржан Ғалымжанұлы қатысты.

       Оқушылар өздерінің жол ережесі бойынша түсініктерін ортаға салып, өздері білгісі келген жол белгілері туралы сұрақтар берді, өздері дайындаған суреттер мен бейнежазба материалдарын талқылады.

       Мектеп директоры Б.Айтмұхаметова оқушыларға жол ережесі туралы кеңес берсе, полиция майоры Б.Тоқжұманов балаларға жол қауіпсіздігін сақтау және  жол қауіпсіздігі сақталмаған жағдайдағы апатты оқиғалар туралы мысалдар келтіріп, оқушыларға олардың алдын-алуға ескертті. Белсенді қатысқан оқушыларға жол белгісі бар белгішелерді сыйға тартты.

   Дөңгелек үстелдің оқушылар үшін, олардың өмір қауіпсіздігі үшін маңызы зор болды.

 «СТОП-ДТП» в г. Астана

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны