09-11 қаңтар күндері 5-6 сынып оқушылары арасында «Балалар жол апатына қарсы» суреттер байқауы өткізілді. Байқауда оқушылар өздері білетін және шара барысында үйренген жол белгілері мен жол-көлік апаттарына байланысты бейнелерді салды. Салынған суреттер сурет пән мұғалімі Аждар Алтынның ұйымдастыруымен ІІІ қабат залында ілініп, оқушылар таныстырылды.

Оқушылардың жолда жүрген кездерінде ерекшелейтін, көлік жарығы түскенде шағылысып, жарық беретін таққыштар бастауыш сынып оқушыларына таратылды. Оны оқушылар сөмкелерінің сырғымаларына тағып қойды.


Бастауыш және орта буын оқушыларына Акт залында «Жолдос көмекке асығады» анимациялық фильм көрсетілді. Онда оқушыларға қызықты түрде Жолдостың жол көлік оқиғаларынан кішкентай бүлдіршіндерді аман сақтап қалу әрекеттері көрсетілді. Оқушылар асқан қызығушылықпен тамашалады. Сонымен қатар мектептің І қабатында теледидарға қойылып, балаларына келген ата-аналарда тамашалауға мүмкіндік алды.

«Елордада жол апатына жол жоқ» акциясы барысында 1-11 сынып жетекшілер мектеп инспекторымен бірлесе отырып оқушыларға тәрбие сағаттарын өткізді. Тәрбие сағаттары түрлі форматта өткізілді: ойын, мозайка құрастыру, сурет салу, талдау, дәріс, пікірталас, кездесу, экскурсия, т.б. Тәрбие сағаттарында жас ерекшеліктеріне сәйкес, видеороликтер көрсету арқылы, шартты белгілерді табу арқылы, ережелер түсіндіріліп, оқушылар талқылады. 



Сонымен қатар 1-4 сынып бастауыш сынып оқушыларына «Жол жүру ережелері» тақтасында мектеп инспекторы Д.Рамазанов пен Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Сагитова мен М.Курмангалиева түсіндірме шаралары жүргізіліп, викториналық сұрақтар қойылды.


Астана қаласы №38 мектеп-лицейдің 5 «Е» сынып оқушылары сынып жетекшісі Д.Байтемір және педагог ұйымдастырушы Ж.Орал "Елордада жол апатына жол жоқ!" деген ұранмен лозунглер ұстап, жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтіп, жүргізушілерді жол ережесін бұзбауға, жолда жүргенде абай болуға шақырды. Оқушылар бұл әрекеттері арқылы жүргізушілердің де, жаяу жүргіншілердің де өмірі қымбат екендігін автокөлік иелеріне бір түсіндіріп өткендей болды.



"Елордада жол апатына жол жоқ!" акция жұмыстары мектеп сайты мен Фейзбук, Инстраграмм әлеуметтік желілерінде жарияланып, салынды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны