Меню KDT

Новости

Главная Новости

Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті

    04.01.2019ж. Астана қаласы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп- гимназиясында жалпы мектептің ата- аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 1-11 сыныптың ата- аналары қатысты. Жиналысты мектеп директоры Сыздыкова Базаркул Сағындықызы ашып,  күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.
    Күн тәртібіндегі бірінші мәселеде I жартыжылдық бойынша атқарылған оқу - тәрбие жұмыстары туралы директордың ғылыми әдістеме жөніндегі орынбасары А.О.Қашаева есеп берді. Мектептің жартыжылдық білім сапасы мен оқу – тәрбие үрдісіндегі жүргізілген жұмыстары туралы ақпарат беріліп, оқушылар мен мұғалімдердің жетістіктері аталды.
    Екінші мәселе бойынша мектепке бөлінген бюджеттік қаржының орындалуы және ағымдағы жылға бөлінген қаржының жұмсалуы, оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы және жалпыға бірдей міндетті оқу бойынша мектеп қорындағы қаржыны пайдалану туралы мектеп директорының есебі тыңдалынды. 2018 жылдың І жартыжылдық бойынша жұмсалынған бюджеттік қаржының жалпы шығыны бойынша және 2019 жылға жоспарланған бюджеттік қаржының есебі берілді.
    Үшінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің төрайымы Смаилова Светлана Каукеновна сөз алып, қамқоршылық кеңесі жұмысының есебі туралы баяндады. Жиналысқа келген ата- аналар мектеп - гимназияда жүргізілп жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдірді.

  Ата-аналар жиналысының хаттамасы

  Ата-аналар жиналысы слайд (оқу-тәрбие жұмысының І жарты жылдық қорытындысы)

 

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны