Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Латын графикасы – заман талабы»

Латын графикасы – заман талабы

2019 жылдың 5 қаңтарында мектебімізде «Тұран-Астана» университетінің әлеуметтік-гуманитарлық және тіл пәндері кафедрасының филиалы ашылды және  «Латын графикасы – заман талабы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің модераторы  «Тұран-Астана» университетінің әлеуметтік-гуманитарлық және тіл пәндері кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Шнайдер Владимир Александрович болды. Владимир Александрович мектебімізде ашылып жатқан филалдың мақсаты мен жұмысы туралы ақпарат бере отырып, филиалдың жетекшісі әлеуметтік-гуманитарлық және тіл пәндері кафедрасының доценті ф.ғ.к. Рахимбаева Гаухар Кинаятовна болатындығын атап өтті.
Дөңгелек үстелдің кіріспе сөзі мектебіміздің директоры Шаймердинов Гамиль Мағажірұлына берілді. Гамиль Магажирович өз тарапынан латын әліпбиінің өзектілгі мен болашағына және мектебімізде осы бағытта жасалып жатқан жұмыстарға  тоқталып өтті.
Дөңгелек үстел барысында әлеуметтік-гуманитарлық және тіл пәндері кафедрасының доценті ф.ғ.к. Рахимбаева Г. К. «Латын әліпбиіне көшудің әдеби-мәдени және тарихы маңызы», әлеуметтік-гуманитарлық және тіл пәндері кафедрасының оқытушылары Омарова С. К. , Крипжанова Г. Т. «Жазу тарихымыздағы бүгінгі бетбұрыс – жаңғыртудың жаңашыл белесі», мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы, Сейтказин Е. С. «Латынға оралу», қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдістеме бірлестік жетекшісі Нурекенова А. А. «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы» атты тақрыптарда баяндамалар жасады.
 Дөңгелек үстел қатысушылары аталған тақырыптар бойынша өздерінің ой-пікірлерін айтып көптеген мәселелерді көтерді, тіл тағдыры туралы көкейді тескен ойларымен бөлісті. Соңында Владимир Александрович дөңгелек үстел жұмысын қорытындылай отырып, болашақта мектебімізбен бірігіп атқарылатын іс-шараларға тоқтала отырып, сәттілік  тіледі.

                


        


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны