Ата-ана жиналысы
2019 жылдың 04.01. күні, сағат 18.30.-де мектебімізде ата-аналар жиналысы өткізілді.
Мектеп директоры Бауыржан Қапарұлы ата-аналарды күн тәртібімен таныстырып өтті.

Күн тәртбі бойынша Қамқорлық кеңесінің төрайымы А.Қадырова өз есебін айтып өтті.
Директордың ғылыми ісінің орынбасары А. Алібекова зияткерлік конкурстар, олимпиада мен ғылыми жобалар бойынша дарында оқушылардың алған жүлдері орындары мен жетістіктерін айтты.
Директордың ақпараттық технологиясы бойынша орынбасары Д. Муханова да мектеп оқушыларының жартыжылдық оқу үлгерімі мен «Күнделік» журанылының қортындысына тоқталып өтті.
Тәрбие ісінің орынбасары Ж. Серікқызы өз сөзінде мектепте Өзін-өзі басқару жұмыстарының жүргізілетінін және де тәрбие жұмысы бойынша оқушылар мектепішілік, қалалық, республикалық, халықаралық іс-шараларға белсене қатысы, жүлделі орынға ие болғанын баяндады.
Мектепте оқушылардың тегін тамақану бойынша баяндаманы бастауыш бөлімінің оқу ісінің орынбасары А. Қалиева оқушылардың сэс бекіткен ас мәзірі бойынша және құрылған кестемен әр үзілісте тегін тамақтандырылатынын айтып өтті. Б. Жаркенов баяндамасында мектеп бойынша қаражаттың орындалуы туралы есеп және жаңа жылға бюжеттік қаражатарды бөлу туралы айтып өтті.
Жиналыс соңында ата-аналар мектеп әкімшілігіне сұрақтар қойды. Қойылған сұратарға толығымен жауап берілді.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии