Есіл ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі «Көңілді аққала» сайысын өткізді. Шараға Есіл ауданының жоғары сынып оқушылары белсенді қатысты. Барлық сайыскерлердің жалпы саны 210 адамды құрады. Іс-шара Ботаникалық саябақта өткізілді.
Қатты аязға қарамастан, балалар бірлік танытып, ең креативті және әдемі аққала соғуға тырысты. Оқушылардың жұмыстарын қазылар алқасы бағалады.
Есіл ауданының келесі мектептері жеңімпаз атанды:
1 орын - № 59 мектеп-лицейі
2 орын - №45 орта мектеп
3 орын - № 81 орта мектеп
Сондай-ақ, ұйымдастырушылар арнайы номинациялар тағайындады:
Ең қызықты аққала - №71 мектеп-лицейі
Ең әдемі аққала - № 17 мектеп-гимназиясы
Ең биік аққала - № 84 мектеп лицейі
Оқушыларға кітап және жаңа жылдық дастарқанның сәнін келтіретін мандариндер табысталды.
Сондай-ақ, барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін сертификаттар берілді.




сілтеме: https://clck.ru/EybAj
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны