13 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігі күні аясында 8-11 сынып оқушылары арасында «Менің қалам» тақырыбында КТК сайысы өтті. Қағытпа қалжың сайысында 1 ауысымның басты жүлдесі 11 «А» сыныбының «Три спартанца» командасына бұйырса, 2 орынды 11 «Б» сыныбының «Будущее Казахстана» командасы мен 9 «Ә» және 10 «А» сыныптарынан құралған «ЖаStar» командасы бөлісті. 3 орынға 11«В» сыныбының «ЗОЖники» командасы және 9 «Д» сыныбының командасы ие болды. Ең үздік ойыншы атағын 11 «А» сынып оқушысы Нурланов Абылай мен 11 «Б» сынып оқушысы Балтабаев Нурсултан иеленді. Барлық қатысушылар мен жүлдегерлерген алғыс білдіре отырып, өнерлеріңіз өрге жүзсін дегіміз келеді.