2018 жылдың 11 желтоқсанында Тәуелсіздік күні мейрамы қарсаңында 3 мектеп-гимназиясының 4Г сынып оқушылары үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті музейіне саяхат ұйымдастырылды. Ондағы басты мақсат – оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарында Елбасының атқарған зор еңбегімен таныстыру. Елге, Жерге, Отанға, Президентке деген құрметті бала бойына ұялату.
Музей Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті 1997–2004 жылдар аралығында еліміздің елордасын Алматыдан Астанаға ауыстырғаннан кейін қызмет еткен алғашқы Резиденциясының ғимаратында орналасқан. Мемлекет басшысының бастапқы қалпында сақталған қабылдау бөлмесі, мәжіліс залы сол жылдардағы жұмыс күндерінің бейнесін көз алдыңа әкеледі.Оқушылар музейде қойылған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің балалық шағында түскен және ата-бабаларының көптеген фотосуреттерін қарап, Елбасы жайында көптеген мағлұматтар алды. Осы саяхат оқушыларға ой толғандырарлықтай әсер қалдырды.
4Г сынып оқушылары қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының Рәміздері туралы айтып, Отан, туған жер тақырыбында тақпақтар оқыды. Осы іс-шараны қазақ тілі мұғалімі Кусманова Нұрғайша Лукмановна және сынып жетекшісі Гущина Любовь Николаевна ұйымдастырды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"