Мектебіміздің І ауысым сынып жетекшілерінің ӘБ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнінің қарсаңында «Тәуелсіздік жырлары» атты 10-11 сыныптар арасында патриоттық әндер сайысын өткізді. Сайыстың мақсаты оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, азаматтық – патриоттыққа тәрбиелеу. Сайыс қорытындысы бойынша 1 орын 11 «А», ІІ орынға 10 «А», 10 «Б», 10 «В» сыныптары ие болса, ІІІ орынды 10 «Л» сыныптары қанағат тұтты.