2018 жылдың 11 желтоқсанында Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары сауда - экономикалық колледжінде «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - БҮГІНГІ КҮН МЕН БОЛАШАҚТЫ САБАҚТАСТЫРУДЫҢ ТАРИХИ ТҰҒЫРНАМАСЫ» тақырыбында Қазақстан тарихы пәнінен бірінші курс студенттері мен жалпы білім беру мектептерінің оқушыларына арналған қалалық олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты тарих пәні арқылы студенттер мен мектеп оқушылардың өмірге деген белсенділігін және азаматтық позициясын, патриоттық санасын, туған елдің тарихи және рухани жаңғыру идеясына құрмет сезімін арттырып, өскелең жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу, «Қазақстан тарихы» пәні бойынша білімді насихаттау.
Олимпиада нәтижесі бойынша 8 «А» сынып оқушысы және мектебіміздің ұланбасы Рахметов Ильяс (жетекшісі Бимыкова Асель Коянбаевна) ІІ орынға ие болды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"