16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні
Армысыздар құрметті ұстаздар, және оқушылар.
Желтоқсан мерекесіне орай өткізілген аудиобағдарлама
Бүгін біздің еліміздің сан жылдар бойы найзаның ұшымен,еліміздің ерен ісімен,кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптермен сақталып қалған.
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын,көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі-Әнұраны!
Желтоқсанда Алматыда,ақ қарда,
Алма бақтар ақ қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жақтан,
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.
Ия,ол күн Тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсаны еді. Таңертеңгілік сағат 10.00 де бар жоғы 18 минутта елді үздіксіз басқарып келген Д.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.
Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп,соңғы үміті,бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді.
Соның бірі «Менің тағдырым»
Өмір бойы жолым болып көрмеді,
Жылап келем бұл дүниеге келгелі.
Қайғы шаңы басты менің денемді,
Түспейді шаң сілкінсем де мен енді.
Жолдаған сәлемімді дос алмады,
Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны.
Айта берем, айта берем қайбірін,
Ауыр менің, ауыр менің тағдырым
Тағдыр мені аямады, қорлады,
Жалынсам да, жыласам да болмады.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии