16-желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесі аясында мектеп-лицейде «ЖАС ҰЛАН» балалар мен жасөспірімдер ұйымының ҰЛАН БАСЫ және ұйым мүшелерін ұлықтау рәсімі өтті. Жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында өткізілген іс-шараның тәрбиелік тағлымы мол болды. Бүгінгі таңда мектепте оқушылардың жан-жақты дамуын, жеке тұлғалық ерекшеліктерінің артуын жүзеге асыруда «өзін-өзі басқару» ұйымының маңызы зор.
Ұлықтау рәсімінде мектеп-лицей директоры Садыкова Зауре Жақанқызы сөз сөйлеп, көшбасшы оқушыларды құттықтады, еліміздің әлем елдерінің алдында абыройын асқақтатын жалынды жастарына күллі қазақ елі үлкен сенім артатынын, сол жолдағы алғашқы баспалдақ осы екенін айтып өтті.
Мектеп президенті Магзумов Алмас тәуелсіз мемлекетіміздің игілігі мен мектебіміздің мәртебесін әрдайым биік ұстауда адал қызмет ететіні жөнінде салтанатты түрде ант етті.
Бұл іс-шара оқушылардың мемлекетіміздің саяси өміріне араласуына, өзіндік үлесін қосуға мүмкіндік беріп отыр. Сонымен бірге «Өзін-өзі басқару» ұйымы азаматтық ұстанымға, болашаққа сеніммен адымдауға, бірлесіп жұмыс істеуге, мемлекет заңын құрметтеп, жүзеге асыруға мол мүмкіншілік береді. Алмасқа және оның командасына сәттілік пен барлық ойластырылған жоспарларының жүзеге асуын тілейміз.
Ендеше, көшбасшыларымыз биік белестерді бағындырсын деп тілейміз!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"