2018 жылдың 12 желтоқсанында №59 мектеп-лицейде Астана қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының қолдауымен «ҚР білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбында ата-аналарға арналған критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктерін түсінуге арналған коучинг өткізілді. Аталғанісшараға Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Қанымай Өзбекбаевна қатысты.
Коучинг мақсаты ата-аналар қауымдастығына білім беру үдерісінде критериалды бағалаудың дәстүрлі бағалау жүйесінен артықшылықтарын таныту болды. Коучингті мектептің тәжірибелі мұғалімдері :Жакишева Мейрамгуль Кенжеғалиқызы, Төлеубаева Мақпал Болатовна, Жомартова Эльмира Жакашевна, Клышбаева Мария Хамитовна, Сыдыкова Нуржамал Орынкановна жүргізді. Коучингте ата-аналар «Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» атты ата-аналарға арналған бейнефильмді көріп, осыған орай оқушының дамуына, оқуға деген қызығушылығы мен ынтасын жоғарылатуға бағытталған критериалды бағалау жүйесі туралы толық ақпарат алды. Коучингтің екінші кезеңі ата-аналар қатысқан практикалық жұмысқа арналды. Ата-аналар берілген тапсырмалардың орындалу нәтижесіне дәстүрлі бағалау және критериалды бағалау бойынша бағалау жасады. Қатысушылар критерий бойынша бағалаудың жеңіл әрі ашық, шынайы болатынына көздері жеткендігін айтты. Қорытынды кезеңіндегі кері байланыста сөз алған ата-аналар ата-ананың баланың оқуына қатысуы және оны үнемі қолдап отыруы оқуда жетістіктерге жетелейтінін өз пікірлерінде атап айтып, мектеп ұжымына деген алғыстарын білдірді.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"