Бүгін мектебіміздің түрлі сала бойынша жетістікке жеткен жеткіншектерін құттықтау үшін арнайы лездеме өтті
Бүгін мектеп директоры Жеңіскүл Темірханқызының бастамасымен спорт, өнер, білім саласында түрлі жетістікке жеткен жеткіншектерді құттықтау, мектеп оқушыларына дәріптеу мақсатында лездеме болып өтті. Құттықтаудың басында каратэден өткен әлем чемпионатында "Әлем чемпионы" атағын жеңіп алған Аманжолов Дияс пен халықаралық деңгейде өткен көркемсөз сайысының жүлдегері Тұяқбай Ақнұр бар. Мектеп директоры жеңімпаздарға аранйы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. "Әлем чемпионы" атағын алған Диясқа планшет, көркем сөз шебері Ақнұрға смарт сағат сыйлады. Бұл мектептің өзге оқушыларына үлгі боларлық, жақсылыққа талпындырар шара болды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии