Мектеп өз чемпионын құттықтады
Бүгін мектебімізде ерекше күн, себебі 9 "Б" сынып оқушысы Аманжолов Дияс каратэден өткен әлем чемпионатында "Әлем чемпионы" атағын қанжығасына байлады. Мектебімізден Диястай талантты ұлдардың шығып, әлемді аузына қаратуы- біз үшін зор мақтаныш. Таңертең мектеп оқушылары "Әлем чемпионынан" гүл құшақтары мен ыстық ықыластарын аямады. Диястың жеткен жетістігімен ата-анасы, достары мен мұғалімдері ғана емес, Қазақстан мемлекеті де мақтанатыны сөзсіз. "Әлем чемпионының" жеңісіне арналған арнайы лездеме өткізілді , мектеп директоры Жеңіскүл Темірханқызы сыйға планшет сыйлады. Жеңіс тұғырынан көріне бер, Дияс!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии