Желтоқсан айының 6-7 күндер аралығында Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың 2 кезеңі, яғни аудандық олимпиадағы мектеп атынан 77 оқушыға сұраныс жіберілді. Қатысқан балалардың арасында 46 оқушы жүлделі орынға ие болды, соның ішінде 11 оқушы грамотамен марапатталды. Сонымен қатар 18 оқушы 3-ші орынға, 13 оқушы 2-ші орынға, ал 4 оқушы 1-ші орынға ие болды.