Мектебіміздің 2 «В» сынып оқушысы Ли Дарья Париж қаласында биден өткен Әлем чемпионатында өзінің жұбымен сәтті өнер көрсетіп, әлемнің 59 елдерінің арасында «Fred Astaire» жүлдесі бойынша 5-ші орынға ие болды және финалда 10 жасқа дейінгі әлемнің үздік 6 жұбының қатарына енді.