Бастауыш сыныптың әдістеме бірлестігінде өткен "Мәңгілік елдің – болашағымыз" атты онкүндік.
«Бастауыш сынып» әдістеме бірлестігінде 19.11-30.11 аралығында «Мәңгілік елдің - болашағымыз» атты онкүндік өтті. Мақсаты: Оқушылардың елін сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге, ұтымды шешен сөйлеуге баулу. Ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған толыққанды жеке тұлға ретінде тәрбиелеу.
Егеменді еліміздің алғы шарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуді міндет етсе, өркениетке жету үшін жан – жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіруде ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойылып отыр. Сол білім саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді өз тәжірибесіне енгізіп отырады. Осы тұста оқушыға сапалы білім беруді мақсат тұтқан мұғалімің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастырылуын талап етеді. Ол мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – оның жан-жақты білімінен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді.
Мұғалімдер ашық сабақтарында жаңа инновациялық технологиялардың әдіс –тәсілдерін тиімділігіне қарай шебер қолдана білді. Жаңа форматтағы ашық сабақтарға мектеп әкімшілігі қатысып, жақсы баға берді.
Ашық сабақтары жоғары деңгейде өтілген мұғалімдер мен сыныптан тыс іс-шараларда белсене ат салысқан оқушыларды директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.К.Смаилова мараппаттады.
Жабылу жиынында бастауыш сынып мұғалімі З.Қ. Байзакова тренинг өткізіп, мұғалімдерге көңіл-күй сыйласа, музыка пәні мұғалімі Алтай Берікбол «Әуенді тап» білгірлер сайысын өткізді.



Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии