Меню KDT

Новости

Главная Новости

Оқушылар сарайында француз әншісі Доминик Димэ мен Астана балаларының қатысуымен керемет концерт өтті.

20 қараша күні Оқушылар сарайында француз әншісі Доминик Димэ мен Астана балаларының қатысуымен керемет концерт өтті. Жоба Бүкіләлемдік балалардың құқығын қорғау күні аясында Франция мен Қазақтан достастығы шеңберінде өткізілген. Қазақстандағы Франция елшісі Филипп Мартине, Астана қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының директоры Г.К.Ибраева, ЮНИСЕФтің Қазақстандағы өкілі В.Ващенко құттықтау сөз сөйледі. Содан соң сахнаға атақты француз әншісі, балаларға арналған әндердің авторы Доминик Димэ, француз музыканттары және Астана оқушылары шықты.
Оның ішінде № 33 «Балабақша – бастауыш мектеп» кешенінің 2 «А» сынып оқушылары Машрап Кәусар, Бошайбек Дінислам, Ағыбай Рамазан, Тоғай Кәусар, Бегалы Назым, Бухарбай Нұрислам қатысты.Олар бала құқықтары туралы ән салды. Сахнаға шыққан 200ден астам бала өздерінің француз тілін жақсы меңгергендігі мен өздерінің вокалдық қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар өз әндерінде әлем балаларының басындағы маңызды мәселелерді қозғады.
Қазақстандық балалармен дайындық кезінде танысқан әртіс, балалардың өнерге деген құштарлығы мен еңбекқорлығын атап өтті.



Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"