Желтоқсан айының 8 – ші жұлдызы күні мектеп оқушыларының ұлдары мен қыздары арасында зорлық – зомбылықтың, қылмыстың, бопсалаудың, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Ұрлыққа жол жоқ» тақырыбында мектеп инспекторы Искандарова Жанар және Алматы ауданы АПБ Анықтау бөлімінің анықтаушысы, полиция аға лейтинанты Жаримбетов Айдар дәріс өткізді. Дәріс өте тартымды болды. Оқушылар Қазақстан Республикасындағы 187 бап бойынша қала, Республика деңгейіндегі статистикамен, фактілермен таныстырылды. 188 бап – ұрлық бөліміне терең тоқталды. Қазақстан Республикасының заңында белгіленген азаматтардың құқықтары, заң бұзушылық фактілері де дәріс арқауы болды. Оқушылар сұрақтар қойып, өз ойларын білдірді. Жалпы мектепте ұсақ бұзақылықтар ұялы телефон (моб.телефон) жоғалуы кезіккенмен, шеттен шыққан ірі қылмыстардың жоқ екені айтылды. Осындай іс – шаралар өз жалғасын таба береді.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"