2018 жылдың 03 - 09 желтоқсан аралығында Қазақстанда халықаралық информатиканы үйрену аптасы аясында «Кодтау Сағаты» бастамасы өткізілді. Информатика пәні бойынша «Кодтау Сағаты» сабағы 5 - 11 сыныптар арасында өткізілді.
Сабақтың мақсаты: жастардың компьютерлік ғылым мен бағдарламалауға қызығушылықтарын қалыптастыру.
Сабақ өте қызықты өтті. Апта бойы информатика сабақтарында оқушылар бағдарламалау бастамаларымен танысып, өз білімдерін жетілдірді. Интернет желісі арқылы кодинг сағатында оқушылар ««Minecraft», «Dance Party» тапсырмаларын қызыға орындады.
5 - 11 сынып оқушылары берілген тапсырмаларды мұғалімнің көмегіне жүгінбей, өздері шешімін табуға тырысты және оңай әрі тез орындады. Оқушылардың қызығушылықтары жоғары болды. Сабақ аяқталғаннан кейін де, олар басқа тапсырмаларды орындады.
Сабақ компьютерлік сыныптарда өткізілді. Сабақтың соңында әрбір оқушыға «HOUR CODE 2018» табысты аяқтағаны үшін сертификаттар берілді.
Сабақтан соңында оқушылар IT-технологиялар тақырыбына және ІТ мамандығына қызығушылық танытты.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"