«Білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалаудың тиімді ұйымдастырылуы» тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: Критериалды бағалауды сабақ үрдісінде тиімді қолдану; Семинарға Астана қаласы Білім басқармасы, Білім беруді жаңғырту орталығы, Педагогикалық шеберлік орталығынан қонақтар шақырылды.Сонымен қатар, «Ізденіс» желілік қоғамдастығындағы №54МЛ, №64МЛ , №57ОМ және №43, №44, №29 мектептердің директорлары, орынбасарлары мен мұғалімдері қатысты. Семинардың ашылуында мектеп директоры Қалиев Серік Сабырбекұлы сөз алып, ол ұстаздар мен қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қонақтар мектебіміздегі 2018-2019 оқу жылындағы инновациялық даму мақсатында жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың куәсі болды.
Гидропоникада базилик өсімдігін өсіру
«Аквариумда тұқы балығын өсіру»

Мектеп жертөлесіндегі бастау алған жобалар

Ғылым -шексіз әлем Робототехника.

Қонақтардың назарына педагог-ұйымдастырушы - Сайран Декабьрдің ұйымдастыруымен
«Мәңгілік ел- мұратымыз» тақырыбында концерттік бағдарлама ұсынылды.
Бағдарламада көрсетілгендей, ашық сабақтар өткізіліп, сабақтарда мұғалімдер критериалды бағалауды қолданудағы әдіс-тәсілдерінің тиімділігін ашып көрсете білді. Ашық сабақтарды өткізуде жас мамандар белсенділік танытты.
Бастауыш сынып мұғалімі Жумабаева Жаннур Жумабаевна «Менің отбасым» тақырыбында 1 «А» сыныбында ашық сабақ өткізді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Турсынбекова Ляйла Раушанбековна «Астана-Опера» театры тақырыбында 6 сыныптармен қазақ тілі сабағын өткізді.
Тарих пәнінің мұғалімі:Тасбулатова Гулжанар Есенбековна «Қарахан мемлекеті» тақырыбында 7 сыныпта.

«Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару» тақырыбында химия пәнінің мұғалімі; Тлекеева Газиза Токтаровна 8 сыныптармен ашық сабақ өткізіп өзара тәжірибе алмасты.

«Қосу кестесі» тақырыбында 1 «Ә» сыныбында бастауыш сынып мұғалімі,жас маман Мырзаханова Айгерім Аманжолқызы.

«Times of my day» тақырыбында ағылшын тілі пәні Ерғалиқызы Ұлмекен 3 сыныпта.

«Квадрат математика теңдеулерді шешу » тақырыбында 8 сыныппен математика пәніңң Ибраева Ақмарал Қайратқызы.

«Animal behavior» ағылшын тілі Шыныбаева Ырысалды Дәлелхановна

«Статистикалық мәліметтер. Microsoft Excel» информатика Дәнебеков Мағжан Жандосұлы

«Критериалды бағалауды орыс тілі сабағында тиімді қолдану» Шебер-сынып Бекбаева Айгуль Батырболатовна.

Семинарда ашық сабақ өткізген мұғалімдерді Астана қаласы Білімді жаңғырту орталығының әдіскері Нуртаева Канымай Өзбекбаевна марапаттады.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны