Аймақтық Жас математиктер турнирі
2018 жылдың 27-30 қараша аралығында Павлодар қаласында дәстүрлі түрде өтетін VI Аймақтық Жас математиктер турнирі өтті. Аталмыш жарысқа мектебіміздің 7-8 сынып оқушылары: Рахимбаева Томирис, Қайрат Аманжол, Амантай Аружан, Ашкей Алиасқар, Бағдат Нұргүл, Сұлтанғали Ерсұлтан қатысып, жүлделі 2 орынды иемденіп қайтты. Сондай-ақ 8-сынып оқушысы Рахимбаева Томирис «Үздік даттаушы» номинациясының иегері атанды.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии