2-3 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ «СӨЗ ҚҰДІРЕТІ» МӘНЕРЛЕП ОҚУ ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ
Бүгін, 19 қазан күні Астана-Дарыны орталығының ұйымдастыруымен өткен қалалық байқау Сырбай Мәуленов атындағы 37 орта мектебінде өтті. Алдын-ала іріктеуден өткен нағыз сөз шеберлері жиналған ақтық байқауға қала мектептерінің он тоғыз 2-сынып оқушысы мен отыз үш 3-сынып оқушысы қатысты. Әділ қазылық еткен Каленова Асылзат Өржанқызы – №2 өнер мектебі театр бөлімінің басшысы, Асанова Ұлпан Серікболқызы – №2 өнер мектебі театр бөлімінің мұғалімі, Сағырова Нұржамал Жетіруқызы- «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының аға әдіскері, Тілеубаева Жадыра Ерғалиевна – «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының ақпарат- баспа қызметі бөлімінің редакторы, Садвакасова Алма Досжановна – «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының аға әдіскері сөз шеберлерінің өнерін әділ бағалай білді. Нәтижесінде, мектебіміздің 3-сынып оқушысы Алпысбаева Әлима ІІІ орынға иеленді. Жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Лях Марина Викторовна. Әріптесімізді бүгінгі жемісті еңбегімен құттықтаймыз!

Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны