Меню KDT

Новости

Главная Новости

"ЖҰЛДЫЗДЫ ЖҰП" мектепішілік таланттар байқауы

Шын жұлдыз алғашқы сәттен жүректен жол табады. Білім жүйесінің салмағы ауыр, жауапкершілігі жоғары қызметінде еңбек ете отырып, шығармашылықпен айналысу кез-келген мұғалімнің қолынан келе бермейтін дүние. Бүгін, 20 қазан күні Сырбай Мәуленов атындағы 37 орта мектепте оқушы мен мұғалім арасындағы бір бағыттағы шығармашылық жұп құру, мектепте жылы атмосфера құру мақсатында "Жұлдызды жұп" мектепішілік байқауы өтті. Байқаудың әділ қазылығын продюссер, "Qarts" шығармашылық үйінің жетекшісі Дана Ізбасар, әуесқой композитор, музыка пәні мұғалімі Ғарифолла Мажитұлы, шығармашыл бастауыш сынып мұғалімі Алмагүл Қадырбергенқызы атқарды. Шығармашыл жұптарымыздың еңбектері адал әрі әділ бағаланды. Қиындығы мол еңбек жолын таңдаған әріптестердің бүгінгі шығармашылығы тек жоғары бағаға лайық! Дегенмен, қонақ келсе төрге,әнші  келсе өрге,аққу келсе, көлге сүйреген халық үшін бүгінгі байқаудың өз нәтижесі көңілге қуаныш сыйлады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Серімбетова Арайлым Ақылбайқызы мен 6-сынып оқушысы Цой Вероника  "Сарыжайлау" әнімен суырылып шығып, Бас жүлде иеленді. Барлық әріптестеріміз бен талантты шәкірттеріміз лайықты номинациялармен марапатталды. Жылы да жайлы атмосфераға бөлендік. Мүмкін, ұстаздық бақыт деген осы болар...


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны