Сырбай Мәуленов атындағы 37 орта мектепте 18 қараша күні "Руxани жаңғыру" аясында Астананың 20 жылдығына орайластырып, "Қазақ күресі" федерациясының қолдауымен 2005-2010 жылғы жасөспірімдер арасында "Көк бөрі" республикалық ашық біріншілік өтті. Оған Астана, Семей, Орал қалалары мен Ақмола облысының жасөспірімдері қатысты. 100-ге жуық жас балуандар өнер көрсетіп, нәтижесінде 38 кг салмақпен 6-сынып оқушысы Жақсылықов Ералы ЧЕМПИОН болып, "Көк бөрі" атағын жеңіп алды. Мектебімізден шыққан жас балуанымызды құттықтай отырып, жаттықтырушысы Қайрат Тұрғанжановға алғыс білдіреміз!

Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны