ҚАЛАЛЫҚ ӘН БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебінде шығармашыл ұл-қыздарымыз жетерлік. Қазақ халқы «сегіз қырлы, бір сырлы» дегенде, адам баласының жан-жақты даму деңгейінің өзіндік қырын айтса керек. Мектебіміздегі осындай балалардың бойындағы өнерін байқап, тәрбиелеп, жетілдіріп, баптап, бәйгеге үкілеп қосып, нәтижесіне қоса қуанып отыратын педагог әріптестеріміздің еңбегі орасан зор. Сондай әріптесіміздің бірі – музыка пәні мұғалімі Перизат Әлтөреқызы. Тұңғыш Президент қарсаңында өткен қалалық «Туған елге тағзым» өнерпаздар байқауында екі бірдей шәкірті топ жарды. Байқауда 6-сынып оқушысы Мұратқызы Гаухар ІІ орын иеленсе, 8-сынып оқушысы Мукатова Дильназ Бас жүлде иеленіп, ұстазының да, мектептің де абыройын арттырды. Жеңісті сәттерімен құттықтай отырып, әріптесімізге де, шәкірттерімізге де алдағы мәрелерде сәттілік тілейміз!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"