Жас ғалымдар.
14 қараша күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында жас өлкетанушылар, экологтар мен натуралистердің қалалық форумының «Елорданың жасыл технологиялары» экологиялық инновациялық жобаларының қорғау секциясы бойынша мектебіміздің 10-сынып оқушылары Пернебаев Санжар мен Ашимов Асхат жүлделі 1 орынға ие болды.
Аталмыш жоба авторларының бірі Пернебаев Санжар оқу жылының басында Ақтау қаласында өткен Республикалық жас экологтардың «Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы бойынша жүлделі 3 орынға ие болған болатын.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии