24 қараша күні мектебімізде «экочеллендж» акциясын өткізді. Акция жұмысы мәжіліс залындағы концерттік бағдарламадан басталып, оқушыға ой салар бейнероликтер арқылы табиғатты қорғауға және ластамауға әрқашан да адам жауапты екендігін ұғындырды. Экочеллендж жобасына 4-11 сынып оқушылары және белсенді ата-аналар қатысты. Ең белсенді деген 5 «Б» сыныбына 1 жәшік алма акция ұйымдастырушылары тарапынан табыс етілді.