Меню KDT

Новости

Главная Новости

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН 1-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА «ӘКЕМ, ШЕШЕМ ЖӘНЕ МЕН» АТТЫ ЖАНҰЯЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

Мектеп пен отбасының, психологиялық қызмет пен ата-ананың өзара байланысының формалары мен әдістерін жетілдіру, мектеп пен отбасының бірлескен жұмысын жүйелеу, үйлестіру және кіріктіру мақсатында 1- сынып оқушылары арасында  « Әкем, шешем және мен» атты жанұялық жарыс өтті. 

      Жарыс 6 түрлі бөлімнен тұрды. Сайысқа барлық  команда қатысып, сынға түсті. Ата-ана - тәрбиенің шырағы екеніне көзіміз жетті. Барлық топта әкелер аса белсенділік танытты.  Жер бетін құлпыртқан алқызыл гүлдер сияқты әр отбасы өз балаларымен іс-шараға көрік берді.  Жарысқа қатысушылар ішінде: Қошановтар,  Ибрагимовтар,  Жакудаевтар, Абдиевтар,  Сайдуалиевтар, Искаковтар отбасылары белсенділік танытты.

     «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген нақыл сөз бар. Осы іс-шараны өткізу арқылы ата-ана мен мектептің ынтымақтастық педагогика шарттары, отбасы мәртебесін арттыруға ықпал ететін шығармашылық ісі әрекет жүзеге асты.

     Сайыстың шартынан сүрінбей өткен сыныптар төмендегідей жүлдеге ие болды:

1 «Д» сыныбы І- ші орынды жеңіп алды. Сынып жетекшісі Абденова Қарлығаш Қазезқызы

1 «В» сыныбы ІІ- ші орынды жеңіп алды. Сынып жетекшісі  Егешова Роза Үсенқызы.

1 «Б» сыныбы ІІІ- ші орынды жеңіп алды. Сынып жетекшісі Ахметқалиева Мара Жамбылқызы.

Отбасы-тәрбиенің бал-бұлағы,

Баланың жұмбақ мекен, бақ тұрағы.

Шаңырағы шаттық толы асыл мекен,

Жайқалсын жағасында көк тұрағы.








Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"