"Табысқа жету көзі-критериалды бағалау өлшемі" тақырыбында семинар-тренинг өтті
Астана қаласы #74 мектеп-гимназиясында "Табысқа жету көзі-критериалды бағалау өлшемі" тақырыбында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Баxытгүл Сыдыxқызының ұйымдастыруымен 5,6,7-сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдеріне арналған семинар-тренинг болып өтті. Семинар өткізудегі алға қойылған мақсат: оқушылардың қажеттілігіне сай оқыту тиімділігін арттыру. Б.Сыдыxқызы семинарды мектеп псиxологының сергіту тренингімен бастады. Ол жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ беретін ұстаздармен критериалды бағалау бойынша тәжірибелеріндегі әдіс-тәсілдерімен бөлісуді әр түрлі бағытта жүргізді. Ең алдымен пән мұғалімдерінен аталған тақырып бойынша сауалнама алынды. Семинарда әрі қарай пән бойынша мұғалімдерге белгілі тақырыпта бағалау критерийін, дескриптор құрастыруда кәсіби шеберліктерін көрсете білуге мүмкіндік берілді.
"Сенімділік" жаттығуын жасаумен аяқталған семинардан әрбір қатысушы іс-тәжірибесін молайтып, әрі қарай мәңгілік елдің білімді ұрпағын тәрбиелеуде табысқа жетуге бағыт алды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии