«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы
«Шаңырақ» атауымен құрылған оқушылар қауымдастығы – жоғары және төмен сынып оқушылары арасындағы бірлік, өзара сыйластық, ынтымақтастық, сенім, қамқорлық сезімдерін қалыптастыруға негізделген жоба. Оқушылар қауымдастығының мақсаты – бірыңғай топтар құру арқылы оқушыларды ауызбіршілікке, біртұтастыққа бейімдеу, жоғары сынып пен төменгі сынып оқушылары арасында бауырмалдық, қамқорлық қарым – қатынас қалыптастыру.Мектебімізде «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығына жас аралығындағы және оқыту тілі әртүрлі екі сынып біріктіріледі (Мысалы, 5 және 8, 6 және 9, 10 және 7). Әр «Шаңырақтың» өз аты, белгілері, ұраны бар. Осы мақсатта мектебімізде 5 шаңырақ қауымдастығы құрылды. Қатарға қабылдау болып өтті, әр шаңырақ өз төсбелгілері мен ұрандарын және өнерлерімен бөлісті. Әр шаңырақ номинациялар бойынша марапатталды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"