«Білімнің іргетасы – бастауышта» тақырыбындағы бастауыш бірлестігінің апталығының ашылуы 19-қараша күні өтті. Апталықтың ашылу салтанатына Конилбаева И.Д., Исмайлова П.А., Закарина А.Т. жауапты болды. Ашылу салтанатына ертегі кейіпкерлерін сомдаған 3-4 сынып оқушылары ат салысып, қатысты. Олар оқушыларға әр пәннің қажеттілігін ертегі желісімен түсіндіре өтіп, қызығушылықтарын оята білді. Соңынан ән айтып,өнерлерін көрсетті.


Сейсенбі, яғни 20-қараша қазақ тілі күні етіп алынып, екі ауысымға бірдей 3-4 сыныптар арасында «Сауатты диктанттар сайысы» өтетіндігі жөнінде саптық жиын өтті. Жиынға жауапты Нукенова Б.Н. мен Алкеева М.Б. болды.

Қазақ тілі күні 2 «Ғ» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Хабарлы сөйлем» тақырыбында Елекеева Зоя Кенгесбаевна ашық сабақ өткізді. Мұғалім сабақ жоспарын оқушылардың жас ерекшелігі, қызығушылығы мен білім деңгейлеріне сай құрастырды. Оқушылар сабаққа үлкен қызығушылық танытып, белсене қатысты.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны