Астана қаласы Ұшқыштар 8/1 мекенжайында орналасқан «№ 45 орта мектеп»ММ 19.11.-24.11.2018ж аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында экология апталығы жүрді. Апталық кезінде оқушылар мен ата- аналарға «Жасыл экономика» негізінде жасалып жатқан «FGRIPP Business Group» ЖШС-нің қоқыс қалдықтарын жинауға арналған жәшіктері бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізіп, ақпарат берілді. Ата- аналар да оқушылар да экологиялық және экономикалық тиімді шараға белсене қатысты. Қоқыс қалдығының арнайы жәшіктерінің түсімен танысып, үлкен қолдау білдірді. Балалар «Үлкендерге айтар уәжіміз» атауымен көрші- көлемдермен, басқа да ересек адамдармен осы тақырып бойынша ақпараттық жұмыстарын жүргізді. Сенбі күні акция қорытындысы жасалды. Белсенді қатысқан сыныптар аталып, алғыс айтылды. Мерекелік флешмобпен апталық жұмысы қорытындыланды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"