Қарашаның 21 жұлдызы күні №48 мектеп-лицейінде филология ғылымдарының кандидаты, ұстаз, елдің қадірлі тұлғасы Омар Жәлелмен «Жақсымен өткізген жарты сағат» тақырыбында мектеп оқушылары және ұстаздар қауымымен есте қаларлықтай жақсы кездесу өтті. Ел ертеңін,өз болашағын ойлаған әр адам жақсы мен жаманды айыра білуі парыз. Кездесуде Омар Жәлел «жақсы» ұғымының мәні «жақсы» феноменінің терең философиясы жайлы ой тұжырымдары мен бөлісті. Ұлттық әдебиет пен мәдениеттің ұлттық иммунитетке оң әсері жайлы өзекті мәселелерді ортаға салды. Кездесудің ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі мол болды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"