«Бағалау. Бағалаудың түрлері.» атты семинардың қорытындысы туралы ақпарат
«Бағалау. Бағалаудың түрлері.» атты семинардың қорытындысы туралы ақпарат
«Білім нұры» қоғамдастығының бекітілген жоспарына сәйкес 2018 жылдың 23 қарашасында №45 орта мектепте «Бағалау. Бағалаудың түрлері» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: сабақта бағалаудың түрлерін тиімді қолдану бойынша тәжірибе алмасу.
Кластер құрамына енген 5 мектептен 24 қонақ қатысты.
Келген қонақтар топқа бөлініп мұғалімдердің ашық сабақтарына қатысты. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Г.Қ.Мұхтарова «Отбасындағы сүйіспеншілік» тақырыбында 7 сынып оқушылармен әдебиет пәнінен, Б.Б.Есетова информатика пәні мұғалімі «Кірістірілген функциялар» тақырыбын ағылшын тілінде, Ж.Ж.Смагулова бастауыш сынып мұғалімі 3-сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен «Қысқы кеш суреттері» тақырыбында, Ю.П.Гольцман бастауыш сынып мұғалімі «Нахождение площади квадрата и прямоугольника» тақырыпта математика пәнінен, №68 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ж. М.Уразбаева «Қыпшақ Сейітқұл ел қамқоршысы» тақырыпта ашық сабақтар өткізілді. Мектеп тренерлері А.А.Атагожина мен А.Х.Искакова «Сапалы оқытудың негізгі факторы қандай?» тақырыбында әріптестермен коучинг өткізді.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии