ҮЛКЕН ТЕННИСТЕН ТУРНИР
24 қараша күні 81 "Astana English school” мамандандырылған гимназиясында үлкен теннис секциясына қатысатын 4-5-сынып оқушылары арасында үлкен теннистен турнир өтті. Турнир гимназияда алғаш рет ұйымдастырылды. Турнирдің мақсаты оқушыларды спортқа баулып, салауатты өмір салтын насихаттау. Теннис бұғанағы қатпаған баланың бұлшық етінің дамуына зор ықпал ететіндігі белгілі. Бұл спорт түріне қызығушылар саны көбейіп, гимназиямызда теннис секциясына қатысушылар қатары артып келеді. Бүгінгі турнирде оқушылар жақсы ойын көрсете алды. Гимназия директоры Садыкова Гүлнар Дінғуатқызы жеңімпаздарды марапаттап, келесі тоқсанда "AES кубогы" ойнатылатынын атап өтті. Оқушыларымызға тек қана сәттілік тілейміз!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии