2 сынып оқушылары Қазақстан Ұлттық Мұражайына экскурсия жасады.
Елбасымыздың "Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар" бағдарламасын білім саласында іске асырубарысында 2- сынып оқушылары Қазақстан Ұлттық Мұражайына экскурсия жасады. Экскурсия барысында оқушылар "Бесікке салу", салт дәстүрімен, тарихи жәдігерлермен танысып, білім көкжиектерін кеңейтті. Оқушыларға әсіресе ұнағаны қазақтың қолданбалы өнері мен тұрмыстық заттары қойылған зал болды. "Өткенді білмей, болашақты болжау мүмкін емес" деген қанатты сөзді ұстана отырып, оқушыларымыз экскурсия барысында мұражайдан таным-түсініктерін молайтып, тарихи сана қалыптасуына жол ашты.