Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің “ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ» апталығы өтті. Апталықтың аясында ЕАГИ- ның оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия жанындағы әдістемелік жұмыс тобының мүшесі Нұргүл Хамзаханқызымен «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру негізі» тақырыбында 10-сынып оқушыларымен мағыналы да ауқымды кездесу өткізілді. Оқушыларымыз өздерін толғандарып жүрген сұрақтарына жауаптарын ала алды. Сонымен қатар аға оқытушы, п.ғ.м Алимбаев Аслан Есімханұлы және директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Алтын Момынқұлова латын әліпбиінің қазақ тіліндегі орынды жақтары турасынды келелі ойларымен бөлісті. Кездесуді өткізуге пән мұғалімдері Гүлшат Аблашқызы мен Айзада Ғазизқызы мұрындық болды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"