Сыршыл ақын, тұлға Баянғали Ғалымжанұлымен кездесу өтті. Кездесуге 8,9 сынып оқушылары мен мұғалімдер қатысты. Бұл кездесу балалардың ойында ұзақ сақталатыны хақ. Оған оқушылардың алған әсері куә. Ақынмен кездесу адамның ішкі жан дүниесінің тазалығы, сезімі өте құнды екенін түсіну бағытында болды. Ақынға қойылған сұрақтар мен жауаптардың шынайылығы жиналғандарды тебірентті. Ақынның өз тұлғасы үлгі тұтарлық аса қадірлі жан болуы да балаларға үлкен әсер берді. Кездесу рухани баюға, өзінде барды ардақтай білуге үйретті. Кездесуді ұйымдастырған қазақ тілі пәні ұстаздары Момынқұлова Алтын мен Тілейхан Мәншүк ұстаздарға алғыс айтамыз.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"