Астана қаласында өткен ХІ республикалық "Жырлайды жүрек" Мұқағали Мақатаев оқуынан №74 мектеп-гимназия оқушылары жүлдемен оралды
17-18 қараша аралаығында Астана қаласында өткен ХІ республикалық "Жырлайды жүрек" М.Мақатаев оқуына қатысқан мектебіміздің өнерлі өрендері жүлдемен оралды. "Көркем сөз" номинациясы бойынша 7-сынып оқушысы Төремұратқызы Айша "Бас жүлде", Сұлтанғазиева Жібек І орын, 5-сынып оқушысы Нұрәлі Айнұр "Бас жүлде", "Қолөнер" номинациясы бойынша 8-сынып оқушылары Умарова Фатима, Умарова Зухра "Бас жүлде", 5-сынып оқушысы Лекер Әдемі "Ши тоқу" номинациясы бойынша ІІІ орын, "Ән" номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Сабыржанова Гүлнұр ІІІ орын иеленді. Арнайы медальмен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Даривхан Нұргүл , алғыс хаттармен Дәлелхан Өміршат, Агибаева Ғалия Қанатовна, Унчибаева Бақыткүл Алтынбаевна марапатталды. Жеңіске жеткен оқушыларымыз бен жетекшілерін құттықтаймыз!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии